Ұшу қауіпсіздігі жөніндегі Еуропалық Комиссиямен өткен кездесуде Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ арасындағы әуе қатынасын кеңейту туралы арнайы келісім жобасы талқыланды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті хабарлады.
Жиында Еуропалық Комиссия дирекциясы басшысының орынбасары Клаус Гель мырзамен кездесу өтті. Тараптар жоба негізінде жүргізіліп жатқан жұмысты бағалап, прогресті атап өткен. Сонымен қатар, комитеттің хабарлауынша, келісімге қол қою жөніндегі жұмысты жалғастыруға уағдаласқан.
«Көлденең келісімге» қол қою Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ елдері арасындағы әуе қатынасын кеңейтуге мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде туристік, мәдени, экономикалық және іскерлік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етед...