Фото: shutterstock.com
«D-Personnel» ЖШС компаниясы «Қазақстанның инвестициялық қорын» толық мемлекетке сыйға тартты. Бұл жайында Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті қаулысында жазылған.
«D-Personnel» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің сыйға тарту шарты бойынша «Қазақстанның инвестициялық қоры» акционерлік қоғамының (бұдан әрі – «ҚИҚ» АҚ) акциялар пакетін 100 (бір жүз) пайыз мөлшерде республикалық меншікке беру туралы ұсынысы қабылдансын», – делінген жарлықта.
Құжатта сонымен қатар «ҚИҚ» АҚ-ның мемлекеттік акциялар пакеті «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ акциялар төлеміне берілетіні жазылған.
«Қазақстанның инвестициялық қоры» 2021 жылға дейін «Бәйтерек» ҰБХ иелігінде болған. Сол жылы Түркістанда тіркелген беймәлім бір компанияға сатылып кетт...