Ұлттық Банк жеке және заңды тұлғалармен кассалық операциялар жүргізу қағидаларын өзгертеді. Тиісті құжат «Ашық НҚА» порталына талқылауға шығарылды.
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде жеке және заңды тұлғалармен кассалық операциялар жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2020 жылғы 28 қыркүйектегі № 120 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» банк қаулысы жеке және заңды тұлғалармен кассалық операцияларды жүргізу тәртібін жетілдіруге бағытталған.
Осы құжат көмегімен «Қазақстан Республикасындағы қолма-қол ақша айналысы» бизнес-процесіне қатысушылар арасында функцияларды қайта бөлу есебінен ақша белгілеріне сараптама жүргізу тәртібі жетілдіріледі. Сонымен бірге өзгертілген дизайны (нысаны) бар банкноттарды сол номиналдағы айналыстағы банкноттарға айырбастау функциясын кеңейтіліп, клишелер мен жапсырмаларды...