Фото: Ақорда
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Азия ойындарындағы көрсеткіші «өте жақсы болуы мүмкін еді» деп мәлімдеді. Мемлекет басшысы барлық спорт түрі бойынша кеткен қателіктерді түзету үшін ауқымды жұмыс атқару қажет екеніне назар аударды. Бұл туралы Ақорда хабарлайды.
Бүгін Тоқаев Азия ойындарының жүлдегерлерін қабылдады. Президент спортшыларды Азиада ойындарында алған 10 алтын, 22 күміс, 48 қола медалімен құттықтаған. Дегенмен көрсеткіш одан да жоғары болуы мүмкін еді деп атап өтті.
«Алайда еліміздің жалпы көрсеткіші өткен Олимпиада мен Азиада ойындарынан да өте жақсы болуы мүмкін еді. Мұны ашық айтуымыз керек. Бокс, ауыр атлетика, еркін және грек-рим күрес...