Фото:shutterstock.com
2023 жылы «Самұрық-Қазына» АҚ мемлекеттің пайдасына шамамен 658 млрд теңге бермек. Бұл қаражат дивидендке, әлеуметтік сала және қайырымдылыққа жұмсалады. Бұл туралы қордың Экономика және қаржы жөніндегі тең басқарушы директоры Мират Өтепов мәлім етті.
«Алдын ала дерек бойынша, Қор республикалық бюджетті 146 млрд теңгеге толықтырады. Мемлекетке дивиденд шеңберінде 353 млрд теңге бағытталатын болады. Активтерді жекешелендіру қорытындысы бойынша мемлекет қосымша 92 млрд. теңге алады. Осы сомалар бойынша акционердің соңғы шешімін күтіп отырмыз», – деді ол.
Сонымен қатар, «Қазақстан халқына» қоғамдық қорына 67 млрд.теңге бөлінген. Мират Өтеповтың айтуынша, бұл қаражат әлі күнге «Самұрық-Қазына» қорының банк шоттарында...