фото: kursiv.media
ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен Экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияда отырысы өтті. Жиында отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қолдау шаралары қаралғаны хабарланды.
Биылғы ауа райының қолайсыздығына бола ауыл шаруашылығы секторы зардап шекті. Соған орай бірқатар шаралар қабылдау қарастырылған.
Мысалы, форвардтық сатып алу аясында «Азық-түлік корпорациясының» сатып алу бағасын 3 класты бидай үшін 120 мың теңге және 4 класты бидай үшін 105 мың теңге мөлшерінде белгілеу.
Сонымен қатар, форвардтық сатып алу және тауарлық несие бойынша фермерге міндеттемелерді айыппұл төлемдерінсіз ақшалай қаражат арқылы немесе 1,05% не 5% коэффициент бойынша 3 класты бидайды 4 класқа ауыстыру...