Дүниежүзілік банк: Қазақстан банктері ресурстарға бай елдер арасында ең жоғары табысқа ие

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
Қазақстан банктері бай елдер арасында табысқа ие болды / коллаж kursiv.media, бильд-редактор: Артур Алескеров

Қазақстан банктері капиталының тартымдылығы сәуір айында 34,8%-ға жетті. Бұған нақты несиелік мөлшерлемелер мен таза пайыздық маржаның өсуі тікелей әсер етті. Бұл туралы Дүниежүзілік банктің 2024 жылы маусымдағы ай сайынғы шолуында жазылған.

«Қазақстан банктері ұзақ уақыт бойы ресурстарға бай елдер арасында табыстылықтың ең жоғары көрсеткіштеріне ие болды», – деп көрсетілген есепте.

Мамыр айында экономиканы нақты банктік несиелеу өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 14% өсті. Бизнеске берілетін несиелер жалпы өсімнің 20%-ын, ал тұтынушылық несиелер 80%-ды құраған. 

Банктердің цифрлық платформалары тұтынушылық несие алуды жеңілдетті. Алайда бұл жекелеген отбасылардың қарыз жүктемесінің артуына әкелді. Негізінен қазақстандықтар қысқамерзімді және мөлшері көп қарыздар алады. Ипотекалық өнімдерге сұраныс төмендеген. 

Мұнайдан табыс кеміп, қосымша қаржыландыру қажет 

Бюджетке түсетін түсімдер 2024 жылдың алғашқы бес айында 23,3 млрд долларды құрады. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда айтарлықтай өзгеріс болмаған.

Мұнайдан түсетін табыс жылына 11,2% қысқарған. Бұл мұнайға қатысы жоқ салықтарды жинаудың ұлғаюымен өтелген. Яғни жыл сайын шамамен 5,4% өсіп, 16,9 млрд долларға жетті. 

Бюджет шығындары 22,8 млрд доллар болды (өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда +5,5%). Шығынның ең көп өсімі мемлекеттік қарызға қызмет көрсету (+36,6%) және инфрақұрылымдық жобалар (+22,7%), ал өнеркәсіп (-21,3%) және қорғаныс (-24,6%) шығындары төмендеді. 

Бюджеттің профициті бір жыл бұрынғы болжаммен, яғни 1,6 млрд доллар профицитпен салыстырғанда 0,4 млрд долларға дейін қысқарды. 

«Бұл профицит жеңілтеліген аударымдарды жабу үшін жеткіліксіз болды. Төлемдердің ұлғаюы нәтижесінде қаржыландырудың жиынтық қажеттілігі 4,4 есеге артып, 3,3 млрд долларды құрады», – деп жазылған Дүниежүзілік банк есебінде.

Инвестициялардың кемуі экономикалық өсімге зиян келтіреді

Қаңтар айында нақты капиталға салынған инвестициялар бір жыл бұрынғы 17,2% өсіммен салыстырғанда 6,5% қысқарды. Себеп тау-кен өнеркәсібіне тікелей шетелдік инвестициялар мен тұрғын үй инвестицияларының қысқаруы.

Тау-кен өнеркәсібіне инвестициялар жылына шамамен 30% қысқарды. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда тұрғын үйге инвестициялардың 0,6% төмендеуі зейнетақы қорынан қаржы алуға рұқсат етілген және тұрғын үй сатып алу үшін пайдаланылған қаражатының бітуімен түсіндірілген. Бұл бағдарлама 2022-2023 жылдары нарықтың қысқамерзімді өсуін қамтамасыз етті.

«Соңғы 10 жылдағы инвестициялық белсенділіктің төмендеуі 2001-2009 жылдардағы ЖІӨ-нің 28% болуынан 2012-2022 жылдардағы ЖІӨ-нің 17%-ға дейін төмендеуіне алып келді», – деп есептейді Дүниежүзілік банк. 

Экономиканың әлсіреуінен ЖІӨ өсімі төмендеді

Ішкі сауда көлемі жылдық есепте 3,1% дейін баяулады (бір жыл бұрынғы 10,2% салыстырғанда), бұл тұтынушылық сұраныстың төмендеуін көрсетеді. Көлік және логистика 7,1%, ауыл шаруашылығы 1,6% дейін төмендеді. Тек өнеркәсіптік өндіріс саласында 3% өсім байқалады.

«Нәтижесінде 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында ЖІӨ жылдық 3,5% өсуін күтеміз», – делінген есепте. 

Маусым айындағы инфляция жылдық 8,4%-ды құраған, яғни мамыр айындағы 8,5% өсіммен салыстырғанда шамалы төмендеген. Азық-түлік (+5,4%) және азық-түлік емес тауарлар (+7,4%) бағасының инфляциясы төмендейді, ал қызмет бағасының инфляциясы (+13,8%) сектордағы жалақының сенімді өсуіне байланысты тұрақты болып қалды. Маусым айында пайыздық мөлшерлеме 14,5%-ға дейін төмендеді (0,25 PP төмен), бірақ инфляциялық қысымды одан әрі төмендету үшін қатаң саясат сақталды.

Дүниежүзілік банк ұлттық табысы жоғар елдердің тізімін жаңартты. Оған биыл Болгария, Палау Республикасы және Ресей енген.

Сондай-ақ оқыңыз