Фото: shutterstock.com
Нью-Йорк тауар биржасы (NYMEX) мен америкалық Interactive Brokers LLC брокер компаниясының сайты Қазақстанда бұғаттан шығарылды.
ҚазТАГ агенттігінің хабарлауынша, дүйсенбі күні сағат 13.35-тегі жағдай бойынша NYMEX www.cmegroup.com және Interactive Brokers LLC www.interactivebrokers.com сайты VPN-сіз-ақ ашылады.
Айта кетейік, 8 қазан күні Нью-Йорк тауар биржасының www.cmegroup.com мекенжайындағы сайты Қазақстанда VPN-сіз ашылмай қалған. Алайда Қазақстаннан тыс жерде әлемдегі ең көне сауда платформасының веб-сайтына VPN желісінсіз кіруге болады. Яғни, ең ірі мұнай фьючерстік биржасы – NYMEX-тің сайты Қазақстанда іс жүзінде бұғатталған.
Сонымен қатар, Қазақстанда «Interactive Brokers LLC» компаниясының www.interactivebrokers.com сайты да бұғатталғаны белгілі болды. Interactive Brokers LLC...