ITS халықаралық сауда алаңындағы акциялар мен депозитарлық қолхаттар саудасының көлемі қазан айында 65,7 млн долларды (31,3 млрд теңге1) құрады. Бұл 2023 жылғы қыркүйекпен салыстырғанда 57,2%-ға көп (41,8 млн доллар). Халықаралық компаниялардың акциялары мен депозитарлық қолхаттарымен мәмілелердің жалпы саны 29,8 мың мәміле болды. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.
Акциясы сатылым жағынан ең жоғары болған топ-10 компания тізіміне Birkenstock Holding (ITS: BIRK, 11,8% қазан айының жалпы сауда көлемінен), Coinbase Global (тикер: COIN, 8,03%), Tesla (тикер: TSLA, 3,46%), Marathon Digital Holdings (тикер: MARA, 3,01%), MicroStrategy Incorporated (тикер: MSTR, 2,57%), Molina Healthcare (тикер: MOH, 1,34%), Palantir Technologies (тикер: PLTR, 1,28%), Affirm Holdings (тикер...