Елімізде өндірілетін ауыл шаруашылығындағы жалпы өнімінің 45% мал шаруашылығына тиесілі
Мемлекет басшысы Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенін дамытуға көңіл бөледі. Оның тапсырмасына сәйкес, отандық агроөнеркәсіптік кешеннің тұрақтылығын сақтау үшін биыл фермерлерге, оның ішінде мал шаруашылығы саласында айтарлықтай мемлекеттік қолдау шаралары көрсетілетін болады. Бұл туралы ҚР АШМ баспасөз қызметі хабарлады.
Қазіргі уақытта Қазақстанда өндірілетін ауыл шаруашылығындағы жалпы өнімінің 45% мал шаруашылығына тиесілі. 2022 жылы мал шаруашылығын субсидиялауға шамамен 124,6 млрд теңге бағытталады. Бұл салада мемлекеттік қолдаумен субсидиялаудың 30-ға жуық бағыты көзделіп отыр.
2021 жылы асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруға әкімдіктер 108,1 млрд теңге бағыттады...