Жыл басынан бері
Жыл басынан бері көпбалалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы төлемдерімен орта есеппен 495,8 мың отбасы қамтылды, оның ішінде наурыз айында 503,8 мың отбасына 27,9 млрд теңге жәрдемақы төленді. Бұл туралы Еңбекмин баспасөз қызметі хабарлады.
Бұл мемлекеттік жәрдемақыға 4 және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасылар табысына қарамастан үміткер бола алады.
Төлем мөлшері бала санына қарай есептеліп төленеді. Көпбалалы отбасыларындағы әр балаға 12 525 теңге қарастырылған. 4 балаға – 49 100 теңге, 5 балаға – 61 383 теңге, 6 балаға – 73 666 теңге, 7 балаға...