Иракта жазасын өтеп жатқан қазақстандық әйелдер аштық жариялауын тоқтатты. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров хабарлады.
«Дау шыққанда (Қазақстанның Иорданиядағы) елшілігі Иракка барып, бірнеше жоғары лауазымды өкілімен кездесті. Олар бұл мәселені жіті талқылап, мән-жағдайын анықтады. Өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесілгендер еш рақымшылыққа ілінбейді. Сондықтан Қазақстан азаматтары аштықты тоқтатты. Қазір олар сол түрмеде жазасын өтеп жатыр», – деді министрліктің ресми өкілі.
Айбек Смадияровтың айтуынша, отандастарымыздың аштық жариялауына байланысты Қазақстан тарапы Ирак тарапына наразылығын білдірген.
«Болашақта қандай да бір мүмкіндік болса, (елші) сол азаматтарымызды елге ауыстыру немесе рақымшылы...