Бүгінде қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдері әлемнің 70-ке жуық еліне жеткізіледі
Қазақстан Президенті Қ.Ж. Тоқаевтың Түркияға сапары аясында ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеевтің Түркияның Ауыл және орман шаруашылығы министрі Вахит Киришджимен екіжақты кездесуі өтті. Бұл туралы АШМ баспасөз қызметі хабарлады.
Кездесу Анкара қаласында өтті. Оны ашқан қазақстандық ведомство басшысы ауыл шаруашылығы саласындағы Қазақстан-Түркия қатынастарының тұрақты дамып жатқанын атап өтті. Министр Қазақстанның сапалы және экологиялық таза органикалық ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру және экспорттау саласындағы әлеуетін сипаттады. Бүгінде қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдері әлемнің 70-ке жуық еліне жеткізіледі.
Бұдан басқа, Қазақстан дәнді және майлы дақылдарды өндіру және экспорттау бойынша жетекші орынға...