Бұл 2021 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 0,8% жоғары
Бөлшек сауда көлемі 2022 жылғы қаңтар-сәуір аралығында 3 683,7 млрд теңгені құрады, бұл 2021 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 0,8% жоғары. Кәсіпкерлердің тауарларды бөлшек саудада өткізу көрсеткіші 7,6% өсті. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады.
Азық-түлік тауарларының бөлшек сауданың жалпы көлеміндегі үлесі 31,7%, азық-түлікке жатпайтын тауарлардікі – 68,3%.
Сату көлемінің ең көп өсімі азық-түлікке жатпайтын тауарлардың еншісінде, атап айтқанда автомобиль бөлшектері, тораптар мен керек-жарақтар, мотор отыны, тұрмыстық электр құралдары, фармацевтика тауарлары, компьютерлер, перифериялық жабдықтар мен бағдарламалық қамтамасыз ету, киім, косметикалық тауарлар мен жеке күтім керек-жарақтарын сататын кәсіпорындарда.
2022 жылғы 1 мамырға...