Ұлттық банк өткен жарты жылдықтағы қолма-қол шетел валютасын сату мен сатып алудың статистикасын жариялады.
Бірінші кредиттік бюро сарапшыларының дерегінше, бұл статистикаға сәйкес, осы мерзім арылығында қазақстандықтар тарапынан долларға деген сұраныс 1/4 азайған.
Ұлттық банктің дерегінше, 2023 жылдың алғашқы жартыжылдығында айырбастау пункттерінде АҚШ валютасын нетто сатып алу 656,9 млрд теңгені құрады. Бір жыл бұрын көрсеткіш 882,5 млрд теңгені құраған. Көрсеткіш жыл ішінде 25.6%-ды құрады.
Өңірлер бөлінісінде Алматы қаласында сұраныс өткен жылмен салыстырғанда екі есеге жуық төмендеген. 2022 жылы 327 млрд теңге болса, биыл 171,7 млрд теңгені құрады. Батыс Қазақстанда да екі еседен аса қысқарған, 2022 жылы...