Үкіметте «АрселорМиттал Теміртау» компаниясына жүргізіліп жатқан экологиялық аудит барысы талқыланды
Үкіметтің баспасөз қызметі, Әлихан Смайыловтың төрағалығымен Үкіметте «АрселорМиттал Теміртау» компаниясына жүргізіліп жатқан экологиялық аудиттің барысы талқыланғанын хабарлады.
Ақпаратқа сәйкес, бұл жұмыс халықаралық консультанттардың қатысуымен жүргізіліп жатыр.
«Сәрсенбіде ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов бірқатар министрліктер басшыларының, Бас прокуратура, Қаржылық мониторинг агенттігі, ҰҚК өкілдерінің қатысуымен «АрселорМиттал Теміртау» АҚ мәселелері бойынша кеңес өткізді. Кеңес барысында кәсіпорынға экологиялық және өнеркәсіптік қауіпсіздік аудит жүргізу барысы туралы ақпарат берілді», делінген хабарламада
.Үкіметтің баспасөз қызметі жиында аудит барысына қатысты нақты қандай ақпарат берілгені туралы мәлімет жарияламады.
Еске салайық, 7 маусым күні Қарағанды облысы бойынша экология департаменті «АрселорМиттал Теміртау» кәсіпорындары атмосфераға...