Қандай жағдайда пациенттерді қолдау қызметінің көмегіне жүгінуге болады?
Биылғы жылдың 3 айында Медициналық сақтандыру қорына Алматы тұрғындарынан 1018 шағым түсті. Оның басым бөлігі медициналық көмектің сапасы мен консультациялық-диагностикалық қызметті күту мерзімінің ұзақтығына, көмек көрсетуден бас тарту фактілеріне қатысты, деп хабарлайды МСҚ Алматы қалалық филиалы.
Шағымдар Қордың fms.kz ресми сайты, 1406 байланыс орталығы, Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы арқылы түскен.
Филиал өкілдерінің айтуынша, пациенттердің туындаған мәселені алысқа ұзамай-ақ, сол жерде шешуге мүмкіндігі бар. Ол үшін медицина мекемесіндегі пациенттерді қолдау қызметінің көмегіне жүгінуге болады.
«Пациенттерді қолдау және ішкі аудит қызметі бас дәрігерге бағынады. Оның міндеті қызмет көрсету сапасын...