Коннектикут штатынан АҚШ-тың кіші сенаторы және Сенаттың халықаралық қатынастар комитетінің мүшесі Крис Мерфи АҚШ-тың Қазақстанға қатысты сауда шектеулерін алып тастау қажеттігін айтты.
Атап айтқанда, Сенатор Крис Мерфи Қазақстан, Өзбекстан және Тәжікстанға PNTR – тұрақты қалыпты сауда қатынастары мәртебесін беруді жақтайды. Ол осыған қатысты өз ойын америкалық The Diplomat басылымында жазды. Оның пайымдауынша, Орталық Азия елдеріне Қытай мен Ресейдің ықпалы қатты әсер еткен. Ал АҚШ 1974 жылғы Джексон-Вэник заңына байланысты «тым ұзақ» шетте қалып қойған. Бұл заң бойынша кеңестік еврейлердің эмиграциясын шектеген елдермен толыққанды сауда қатынасына тыйым салынады.
АҚШ-тың Орталық Азия елдері үкіметтерінің «Қытайға тәуелді болуынан қорқа бастағанын» алға...