Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігін бұрын да басқарып, осы жақында ғана аталған ведомство тізгінін қайта ұстаған Тамара Дүйсенова еңбек нарығындағы кадр тапшылығы туралы су жаңа деректерді ұсынды. Үкімет отырысында сөз сөйлеген министр 2030 жылға таман елдегі жұмыс күшінің 74 пайызын миллениалдар (1981-1996 жылдар аралығында туған адамдар – ред) мен Z ұрпағы (1997-2016 жылдар аралығында туған адамдар – ред) құрайды деп мәлімдеді.
«Экономикадағы жұмыс орындарының жеткіліксіз генерациясы – соңғы жылдары негізгі жұмыс беруші мемлекет және квазимемлекеттік сектор болып саналады. Технологиялар мен инновациялардың жедел таралуы, нәтижесінде кейбір мамандықтар жойылып, басқалары пайда болады, ал басқалары өзгертіледі. Белгіленген сын-қатерлер кадрларды даярлау жүйесін жаңғыртуды...