Банк ұяшығы, эскроу-шот және аккредитив деген не ?
Ірі мәмілелер жасасқан кезде тараптардың бірі ақшаны алдын ала алып қойға жағдайда, мұндай тарап өз міндеттемелерін орындамай қояды деген тәуекел туындайды. Сол себепті мәмілеге қатысушының мүддесін қорғау үшін банк ұяшығы, эскроу-шот және аккредитив сияқты қаржы құралдары жиі қолданылады. Бұл қаржы құралдар туралы Fingramota.kz сайты айтып береді.
Банк ұяшығы деген не?
Банк ұяшығы– белгілі бір құндылықтарды: мәселен, бағалы қағаздарды, шетел валютасын, зергерлік бұйымдар немесе маңызды құжаттарды сақтау үшін жалға алуға болатын банктегі жеке сейф.
Банк ұяшығында сейфке зақым келтіруі мүмкін атыс, газ және суық қару, психотроптық, жарылғыш, уытты немесе радиоактивті заттардан...