Қазіргі уақытта жобаға 487 медициналық ұйым қосылған
Мүгедектік тобын белгілеу үшін медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізудің сырттай форматы бойынша пилоттық жобаны іске асыру шеңберінде ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында Қазақстанның барлық өңірлерінен 11 мыңнан астам өтінім қаралды. Қазіргі уақытта жобаға 487 медициналық ұйым қосылған. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің сайты хабарлады.
Бұған дейін хабарланғандай, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің VI отырысында Мемлекет басшысы ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін барынша қолайлы жағдай жасауды, олардың инстанциялар мен қағазбастылық бойынша жүруін, сондай-ақ қызмет көрсетушілердің қызмет алушылармен байланысын болдырмауды тапсырды.
Осы тапсырманы іске асыру шеңберінде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліг...