Сыртқы валюта нарығында маңызды бірқатар оқиға орын алды
Сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 сәуірде теңгенің нарықтық бағамы бір аптада 4,4%-ға (494,16 теңгеден) нығайып, бір АҚШ доллары үшін 472,56 теңге деңгейінде қалыптасты. Дамушы нарықтар валюталарының серпіні көбіне оң болды.Бұл туралы Ұлттық Банк баспасөз қызметі хабарлады.
Сыртқы валюта нарығында маңызды бірқатар оқиға орын алды. Ресей мен Украина келіссөздері онлайн форматта жалғасуда, екі жақ та барлық тарап бойынша ілгерілеу барын атап өтті. АҚШ-тың стратегиялық қордан тәулігіне 1 млн баррель мұнай жібергісі келетіні, сондай-ақ ұңғымалар санын көбейту туралы мәлімдемесінен кейін мұнай теріс серпін көрсетуін жалғастыруда.
Дамушы елдерде АҚШ долларына қатысты валюталар бағамыны...