2021 жылы «Kaspersky»-дің шешімдері күніне орта есеппен 380 мың жаңа зиянды файлдарды анықтады, бұл 2020 жылмен салыстырғанда 5,7% – ға көп.
Қауіптердің көпшілігі (91%) дәстүрлі түрде WindowsPE файлдарында болды (Windows операциялық жүйесінде қолданылатын формат). 2021 жылы шабуылдаушылар басқа кезеңмен салыстырғанда Linux-қа әлдеқайда белсенді қауіп төндірді. Операциялық жүйелердің осы тобы үшін анықталған зиянды және жағымсыз БҚ саны 57% – ға өсті.
Жүйеге енгеннен кейін өзін — өзі көбейтіп, өздігінен таралуы мүмкін құрттардың саны 117,5% – ға, вирустар 27% – ға өсті. Анықталған қауіптердің жартысынан көбі (54%) ерекше емес трояндар болды. Бұл ретте 2021 жылы трояндық бағдарлама-дропперлердің саны 2,24% – ға өсті. Зиянды...