Америкалық SpaceX компаниясының негізін қалаушы, миллиардер Илон Маск Time журналының нұсқасы бойынша «Жыл адамы» атанды. Жеңімпаздарды анықтау рәсімі YouTube желісінде көрсетілді, деп хабарлайды РИА-Новости.
Бұған дейін басылым оқырмандары таңдау жасады: олардың көпшілігі – 24% -ы Бразилия президенті Джейр Болсонароға дауыс берді..
Екінші орынды 9 пайыз дауыспен бұрынғы мемлекет басшысы Дональд Трамп иеленді. Оқырмандардың тағы 6,3%-ы өткен жылы коронавируспен күрескен дәрігерлерге үшінші орынды берді.
2020 жылы осы номинация бойынша АҚШ-тың қазіргі президенті және вице-президенті Джо Байден мен Камала Харрис марапатталды. Бір жыл бұрын журнал бұл атақты эко белсенді Грета Тунбергке берген болатын.
Бұған дейін Илон Маск әлемдегі ең бай адамдар...