Өзбекстан 2022 жылы білім және медицина саласына 58 триллион сум (шамамен 5,45 миллиард доллар) бөлуді жоспарлап отыр.Бұл туралы Анадолу сайты хабарлады.
«Біз мұндай қаражатты білім мен медицинаға бөлген жоқпыз. Бұл туралы біздің халқымыз білуі керек», – деді Шавкат Мирзиёев 2022 жылға арналған салық түсімдері мен бюджет параметрлері жөніндегі кеңесте, деп хабарлады Өзбекстан басшысының баспасөз қызметі.
Президент білім және медицина саласына қосымша тағы 12 триллион сум (шамамен 1,13 миллиард доллар) бөлуді ұсынды, өйткені келесі жылы өңірлерде халықтың сұранысын ескере отырып, өңірлерде 55 жаңа бағдарламаны жүзеге асыру жоспарлануда.
Атап айтқанда, шалғай елді мекендерде 1600 балабақша ашу, 40 жаңадан салу...