Қала жастары қай жақта тұрғысы келеді, қандай мамандар жетіспейді, пандемияда кәсібі алға басқан кімдер? Журналист Жанар Асылханова «Курсив» пен «Шеврон» компаниясының «Нағыз Қазақстан» жобасы үшін Алтай (бұрынғы Зырян) қаласына арнайы барып, шығыстағы шаһардың тыныс-тіршілігімен танысып қайтты.
Аспанмен тілдескен тау мен шоқылардың арасында жатқан бұл мекен қала мәртебесін алғалы бері, 2019 жылы атауы Алтай боп өзгергенге дейін «Зырян» деп аталатын. 1791 жылдары шағын қыстақ болған ол 1937 жылы жұмысшы селосына айналып, 1941 жылы қала мәртебесін иеленді. Алтай Бұқтырма су қоймасына келіп құятын Березевка өзенінің бойында орналасқан. Алтай ауданындағы 13 ауыл мен елдімекеннің әрқайсысы – туристерді тартатын көрікті мекен. Бұл жаққа ресейлік туристер...