Украина билігі қытайлық «Лекхим» компаниясына коронавирустық вакцинаның алғашқы партиясын кешіктіргені үшін айыппұл салмақ. Бұл туралы денсаулық сақтау вице-министрі Игорь Иващченко Reuters-ке айтты, деп хабарлайды РИА Новости.
«Лекхим» Sinovac COVID-19 вакцинасын жеткізеді. Келісім бойынша вакцинаның алғашқы партиясы 6 наурызға дейін Украинаға келуі керек еді.
«Олар көрсетілген мерзімге сәйкес келмейді. Келісімшартта көрсетілген айыппұлдар болады», – деді Иващченко.
Ол санкциялардың қандай болатынын нақтылаған жоқ, бірақ Reuters агенттігінің хабарлауынша, фирмаға әрбір кешіктірілген күн үшін шығынның 0,1 пайызы көлемінде айыппұл салынуы мүмкін.
Компанияның өзі бұл хабарламаға түсініктеме берген жоқ.
Украинада COVID-19-қа қарсы вакцинация 24 ақпанда басталды. Әзірге ел тұрғындарына Үндістанда шығарылған Oxford...