Түркістан облысында үш бірдей баланы қағып кетіп, жол-көлік оқиғасын жасаған күдікті іздестірілуде, – деп хабарлайды Polisia.kz сайты.
Түркістан облысы Жетісай ауданында жасы кәмелетке толмаған балалардың қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды.
Аталған жайт бойынша полицейлер бірден тексеру жұмыстарын жүргізді. Оқиға орнына жедел жеткен полицейлер сол күні кешкі сағат 17:50 шамасында Жетісай ауданындағы С.Ерубаев көшесі бойында белгісіз автокөлік оңтүстіктен солтүстік бағытына қарай жүріп бара жатып, үш жасөспірім баланы соғып кетіп, жол көлік оқиғасын жасағаны анықталды.
Нәтижесінде үш бала да ауруханаға жеткізілген. Яғни 16 және 13 жас шамасындағы балалар түрлі дене жарақаттарымен ем қабылдаса, небары төрт жастағы бүлдіршін ауыр дене жарақатының салдарынан жансақтау...