Жаңа коронавирустық инфекцияны (COVID-19) жұқтырудың расталған жағдайларының саны әлем бойынша 88,5 миллионнан асты. Бұл туралы Анадолу сайты хабарлады.
Worldometers веб-сайтынан алынған жаңартылған мәліметтерге сәйкес, қауіпті инфекцияны жұқтырғандардың саны 88 528 010-ға жетті.
Жалпы, COVID-19 салдарынан планетаның 1 907 073 тұрғыны қайтыс болды.
COVID-19 инфекциясы мен өлімінің ең көп саны АҚШ-та тіркелген. Штаттардағы қауіпті инфекцияның салдарынан 374 124 адам қайтыс болды. Коронавирустық инфекцияның жалпы саны 22 132 045-ке жетті.
COVID-19 салдарынан қайтыс болғандар саны 10 мыңнан асатын елдер:
Бразилия (200 498), Үндістан (150 606), Мексика (131 031), Ұлыбритания (78508), Италия (77 291), Франция (66 841), Ресей (60 457), Иран...