Кеше индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі біржолғы зейнетақы төлемдерін тұрғын үй жағдайларын жақсартуға пайдалану қағидаларын бекітті. Бұл құжат жарияланған күннен бастап күшіне енеді.
Құжатқа сәйкес, зейнетақы шотындағы артық ақшаны мына мақсатта пайдалануға болады:
1) тұрғын үйді сатып алу-сату, жекешелендіру, бөліп-бөліп төлеу, айырбастау (айырбас жасау) шарттары бойынша, тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы заңнамаға сәйкес кепілдік болған кезде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттар бойынша тұрғын үйді меншікке ресімдеуге байланысты азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша немесе тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы заңнамаға сәйкес көппәтерлі тұрғын үйдегі үлесті беру туралы шарт жасасқан кезде, сондай-ақ жеке тұрғын үй салу үшін (нысаналы мақсаты бар...