Коммерциялық жылжымайтын мүлік саласындағы ірі компания – Cushman & Wakefield голландиялық кеңсесі жұмыс кеңістігінің жаңа тұжырымдамасын енгізді.
Оның негізінде «екі метр ережесі» (6-Feet-Office) жатыр, бұл ереже қызметкерлер арасында инфекция таралу қаупін төмендетеді.
Иллюстрация: Cushman & Wakefield
Жаңа тәсіл қызметкерлер мен жұмыс берушілердің қашықтан жұмыс істеуден кейін қауіпсіз кеңсеге тезірек оралуын, жұмыс кеңістігінің әлеуметтік қашықтық жаңа талаптарына сәйкес болуын қамтамасыз етуге көмектеседі.
«Әрине, пандемиядан кейінгі әлем бұрынғыдай болмайды. Жаппай жұқтыру қаупі жойылса, біз өз жұмыс орнымызға ораламыз. Болашақта компания қызметкерлері мен тіпті тұтас бөлім ауысыммен немесе қызметкерлердің кеңседе қиылысуын шектейтін кестені сақтай отырып жұмысқа келеді. Шын мәнінде, қазір біз кеңсемізді алдағы уақыттағы жұмысқа...