Бүгінгі брифингте ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов журналистердің ҚР ИИДМ-мен арадағы келісімнің бұзылуына байланысты Өскемендегі зауыттың жабылуы мүмкін екені туралы мәлімдемеге қатысты сұрағына жауап берді- деп хабарлайды primeminister.kz телеграм арнасы
2010 жылғы маусымда «Азия Авто» АҚ-мен 2017 жылғы 1 маусымнан бастап шанағын балқытып біріктіру және бояу бойынша технологиялық операцияларды ұйымдастыру міндеттемесімен көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімге қол қойылды. Бірақ аталған міндеттеме орындалған жоқ.
2012 жылғы желтоқсанда «Азия Авто Қазақстан» АҚ-мен 2019 жылғы 1 желтоқсаннан бастап осындай міндеттемесімен моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімге қол қойылды. Бірақ ол міндеттеме де орындалмады. Өндірушілердің міндеттемелеріне сәйкес компаниялар...