COVID-19 пандемиясы әлем экономикасының көптеген салаларына әсер етті, одан қаржы секторы да шет қалған жоқ. Керісінше, бұл секторға қор нарығындағы турбуленттік, бизнес пен халықтың төлем қабілетінің төмендеуі сынды соққыларға төтеп беруіне тура келді. IDF Eurasia халықаралық қаржы-технология компаниясының (Solva және Moneyman брендтері) негізін қалаушылардың бірі Борис Батин бизнестің пандемияны әр елде қалай өткергені жайлы айтып берді.
– Statista мен Financial Times-тың жыл сайынғы рейтингі бойынша ID Finance (IDF Eurasia-ның негізгі құрылымы) Еуропадағы жылдам дамып келе жатқан қаржы-технология компаниясының бірі саналады, ал Испания нарығыда үш жыл қатарынан алғашқы орынды бермей келеді. Былтыр осы көрсеткіш бойынша компания екінші орында тұрды. Осы ретте компанияның Испаниядағы...