Павлодар қаласының тұрғыны Светлана Иванина осыдан он жыл бұрын мәдениет саласында, ал екі ұлы терезе салумен айналысатын фирмада жұмыс істеді. Бір күні ұлдары жеке бизнес бастау туралы ой білдіріп, терезелерді сату және сатып алумен айналысатын «Техпласт» жеке кәсіпкерлігін құрды.
Бірнеше жылдан соң бизнес дамып, енді бұл отбасы терезелерді өздері дайындауға ден қойды. Осы мақсатта 2014 жылы «Союз оконных технологии» ЖШС-ін ашты. Бірақ діттеген мақсатқа қол жеткізу үшін сапалы әрі қымбат құрал-жабдық сатып алу керек болды. Сол тұста алғаш рет «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының көмегіне жүгініп, старт-ап жоба ретінде 14 млн теңге жеңілдетілген несие алды. Бұл сомаға қажетті құралдарды сатып алып...