Қазақстандықтар Италияға виза алу үшін құжат тапсыру мүмкін еместігін айтып. жаппай шағымдануда. Әсіресе, Алматы мен Астанадағы визалық орталықтарда бірнеше ай бойы бос слоттар жоқ екенін айтады. Бұл туралы Италияның бұрынғы вице-консулы, тіл мектебінің негізін қалаушы Әділ Руслан хабарлады.
Слоттар тек Атырауда ашылады
Оның айтуынша, көптеген студенттер мен оқытушылар құжат тапсыруға жазыла алмай жүр. Бос күндер пайда болған жағдайда, олар тек Атырауда ашылады, ал ол ірі мегаполистегілер үшін тым қашық.
«Адамдар жолға көп қаражат жұмсайды, ал кейбіреулер слоттар «таныс арқылы» сатылады дейді. Бұл – жай өсек емес, жүздеген отбасы бастан кешіп жатқан жағдай», — деп...