Украина Ұлттық жад институты Киевтегі Жамбыл Жабаев ескерткішін бұзу қажет пе деген мәселеге түсініктеме берді.
Украина – Центральная Азия ақпаратына қарағанда, институттың басшысы Александр Алферов Киевте қазақ ақыны Жамбыл Жабаевтың есімін ұлықтау коммунистік тоталитарлық режимді немесе ресейлік империялық саясаттың рәміздерін ақтаумен байланысты емес деп есептейді.
Сонымен қатар институт Жамбыл Жабаевтың ресейлік империялық саясатты жүзеге асыруға қатысқаны немесе соған жәрдемдескені жөнінде дәлел таппаған. Украинадағы «Ресейлік империялық саясатты айыптау және оны насихаттауға тыйым салу туралы және топонимиканы деколонизациялау туралы» заңда мұндай саясат украин халқын құл етуге, қанауға және ассимиляциялауға бағытталған іс-шаралар жүйесі ретінде айқындалған.
Институттың түсіндіруінше, Жамбыл Жабаев украин халқын отарлауға...