Қонаев қаласында 12 жылға сотталған Хасан Қасымбаевтың сот үкіміне шағымы қаралды. Нәтижесінде сот алқасы бірінші сатыдағы үкімді өзгеріссіз қалдырды.
Қасымбаевтың есімі жасөспірім Шерзат Полаттың қазасынан кейін атала бастады. Талғардағы қылмыстың «Хуторлықтар» ұйымдасқан қылмыстық тобымен байланысы бары айтылды. Ол адам ұрлау, қасақана ауыр дене жарақатын келтіру, қорқытып алу әрекетін жасағаны үшін сотталды.
Сот алқасы алдында жәбірленуші тарап пен қорғау тарабы өз ұстанымдарын айтқан. Informburo.kz хабарлауынша, Қасымбаевтың адвокаты Ерлан Мендешев бірінші сатыдағы соттың үкімін заңсыз, негізсіз деп санайды.
«Бірінші сатыдағы сотта қорғау тарабы Қасымбаевқа қатысты қылмыстық қудалау ашық түрде тапсырыспен ұйымдастырылғанын дәлелдеді. Шерзат Полатты...