Алматы облысы Талғар ауданы Талғар қаласының әкімі Арыстанбек Әбілқайырұлы жұмысынан кеткені туралы хабарлады. 42 жастағы әкім Facebook-те қоштасу хабарламасын жазды.
«Мен атқарған қызметімді денсаулығыма байланысты аяқтау туралы шешім қабылдадым. Бұл шешім мен үшін оңай болған жоқ. Денсаулығыма байланысты белгілі бір уақыт еңбек демалысында болдым. Осы жағдай қызметтік міндеттерімді толық әрі сапалы атқаруға кедергі келтірмеуі үшін осындай шешім қабылдауды жөн санадым», – деп түсіндірді Арыстанбек Әбілқайырұлы.
Ол бір жыл бұрын оған дауыс берген қала тұрғындарына, сондай-ақ Талғар ауданының басшысы мен әріптестеріне алғыс білдірді.
«Алдағы уақытта да Талғар қаласының дамуына бейжай қарамай, ел игілігі жолындағы бастамаларға тілектес...