Антициклон әсерінен ел аумағының басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Тек солтүстік және шығыс өңірлерде аздаған жаңбыр жаууы мүмкін. Кей өңірлерде тұман түсіп, жел күшейеді.
Астана: түнде +2…+4 °С, күндіз +12…+14 °С, күн бұлтты. Алматы: түнде 0…+2 °С, күндіз +13…+15 °С, жауын-шашынсыз. Шымкент: түнде +8…+10 °С, күндіз +20…+22 °С, күн ашық Қарағанды: түнде 0…+2 °С, күндіз +11…+13 °С, жел 7–12 м/с. Павлодар: түнде +1…+3 °С, күндіз +10…+12 °С, аздаған жаңбыр. Өскемен: түнде +2 °С, күндіз +10 °С, жаңбыр, жел 10–15 м/с. Ақтөбе: түнде 0 °С шамасында, күндіз +12 °С, жауын-шашынсыз. Атырау: түнде +5 °С, күндіз +16 °С, Қызылорда: түнде...Жаңалықтар
Израиль мен ХАМАС Газадағы әскери іс-қимылдарды тоқтату мен тұтқындарды айырбастау мәселесін шешу үшін келіссөздер жүргізеді. Мысыр билігі екі тараптың делегацияларын қабылдап, Израиль тұтқындарын палестиналық сотталғандармен ауыстыруды талқылайды.
АҚШ президенті Дональд Трамп түнгі уақытта «соғысты тоқтату бағытында жұмыс істеп жатқан барлық тараптарға тез әрекет ете беруді» шақырды.
«Бұл келіссөздер өте табысты өтті және тез қарқынмен ілгерілеп жатыр. Техникалық топтар дүйсенбіде Мысырда қайта жиналып, соңғы мәселелерді пысықтайды. Маған айтылғандай, бірінші кезең осы аптада аяқталуы тиіс, және мен барлығынан ЖЕДЕЛ ӘРЕКЕТ ЕТУДІ сұраймын», — деп жазды Трамп өз әлеуметтік желісінде.
Бұған дейін Трамп журналистерге берген сұхбатында, Израиль...
Еліміздің оңтүстігінде болған жер сілкінісінен кейін өңірлерде жедел штаб құрылды.
Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, Қазақстан ТЖМ командалық орталығы және Жамбыл облысының төтенше жағдайлар департаменті базасында жедел штаб құрылды.
Байланыс және көмек үшін жедел желі жұмыс істеп тұр:
ҚР ТЖМ командалық орталығы – 87172-704118
Түркістан облысы ТЖД – 872533-57886
Жамбыл облысы ТЖД – 87262-513575
Шымкент қаласы ТЖД – 87252-95-57-06.
Министрлік қираулар мен зардап шеккендер туралы ақпарат түспегенін хабарлады.
Ведомство азаматтардан сабыр сақтап, ресми ақпаратқа сенуге шақырды.
Айта кетейік, оңтүстікте 31 елді мекенде жер сілкінісі сезілді.
Еліміздің оңтүстігінде жер сілкінді. Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, дүмпу 6 қазанда сағат 01: 29-да тіркелді.
Эпицентрі Қырғызстан аумағындағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 465 км жерде орналасқан. Магнитудасы – 5.9.
Жер сілкінісі сезілген аймақтар:
Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Бауыржан Момышұлы ауылы, 4 балл;
Жамбыл облысы Тараз қаласы 4 балл.
Жамбыл облысы, Байзақ ауд., Сарыкемер ауылы, 4 балл.
Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Аса ауылы, 4 балл.
Түркістан облысы, Түлкібас ауданы, Тұрар Рысқұлов ауылы, 4 балл.
Түркістан облысы Төлеби ауданы Леңгір қаласы 3 балл.
Жамбыл облысы, Талас ауданы, Қаратау қаласы, 3 балл.
Түркістан облысы, Манкент ауылы, 3 балл.
Түркістан облысы, Сайрам ауданы...
Таразда жылыту маусымы 6 қазанда басталады. Бұл туралы қала әкімдігі хабарлады.
Қазір қалада 5 жылу өндіруші және тасымалдаушы кәсіпорын бар. Олар жалпы 1 780 нысанды жылумен қамтамасыз етеді.
«Qazaqgaz aimaq» кәсіпорны ақпаратына сәйкес, қала аумағында газдандырылмаған 2 006 жеке тұрғын үй бар. 2025-2026 жылдардағы жылыту маусымына шаһар тұрғындары үшін қажетті көмірдің көлемі 10 030 тоннаны құраған. Қалада көмір сатумен шұғылданатын 7 операторда 2 630 тонна көмір бар.
«Қалада жалпы 138 мемлекеттік білім мекемесі бар. Оның 133-і жылу өндіруші және тасымалдаушы кәсіпорындар тарапынан жылытылады», – делінген ақпаратта.
Осылайша, қала аумағында 1-кезеңде 6-9 қазан аралығында әлеуметтік...
Бас прокуратура Қазақстан футбол федерациясы жəне футбол клубтарына тексеріс жүргізіп, бірқатар бұзушылықты анықтады. Оның ішінде келісілген матчтар мен букмекерлік кеңселердегі бəс тігу фактілері де бар. Бұл туралы Бас прокурор Берік Асыловтың мәжіліс депутаты Абзал Құспанның депутаттық сауалына берген жауабында айтылған.
«Еңбек шарттарымен тыйым салынғанына қарамастан, футболшылар мен жаттықтырушылар букмекерлік ставкаларға қатысуы жалғасып келген. Мəселен, Ақтөбе қаласында 9 футболшы жалпы сомасы 110 млн теңгеге бəс тіккен. Осыған байланысты, 2025 жылғы 2 сəуірде Федерацияға заңдылықтың бұзылуын жою туралы ұсыну енгізілді», – делінген ақпаратта.
Нəтижесінде федерация тарапынан анықталған бұзушылықтарды жою жəне қаржылық орнықтылықты қамтамасыз ету мақсатында «Жол...
Қазақстандық теннисші Заңғар Нұрланұлы Кореядағы J200 турнирінің чемпионы атанды. Бұл туралы Қазақстан теннис федерациясы хабарлады.
Оңтүстік Кореяның Чхунчхон қаласында өткен ITF Juniors жарысында қазақстандық теннисші финалда жергілікті спортшы Мин Хук Чоны 6:3, 6:4 есебімен жеңіп, турнирді бірде-бір сет жоғалтпай аяқтады. Бұл Заңғардың ITF Juniors турындағы жеке сындағы алтыншы титулы.
Келесі аптада теннисші Вонджуда өтетін J300 турнирінде өнер көрсетеді.
«Қайрат» – «Жетісу» матчына барлық билет сатылып кетті. Бұл туралы футбол клубының әлеуметтік желідегі парақшасында айтылды.
Премьер-лиганың 24-туры аясындағы матч Алматыдағы Орталық стадионда сағат 16:00-де басталады.
Стадион аумағы ойын басталуына үш сағат қалғанда, яғни 13:00-де ашылды.
«Қайрат» футбол клубы кезекте тұрмай, бақылаудан еркін өту үшін көрермендерді стадионға ертерек келуге шақырды.
Стадионға Абай даңғылы, Сәтбаев және Байтұрсынов көшелері тарабынан кіруге болады.
Ұстаздар күні қарсаңында мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов «Педагог мәртебесі туралы» заңға енгізілуі мүмкін түзетулерді жариялады.
Ол сондай-ақ ұстаздар қауымын құттықтап, мұғалім мобилограф болмауы керек екеніне назар аударды.
«Мұғалім мобилограф, блогер, күзетші немесе чат модераторы болмауы керек. Оның басты жұмысы – баланы оқыту», – деп жазды депутат.
Айтуынша, заңға түзетулер әзірленіп, Үкіметке жолданған.
Сонымен мұғалімдер үшін бірнеше өзгеріс бар. Біріншісі – есеппен күрес.
«Қағаз ба, цифр ма – біреуін ғана толтыру. Сонымен қатар «Бір рет бір жүйеге енгіздің бе – жетеді»: Күнделік немесе НОБД немесе Bilimland-тің біреуіне ғана енгізілген дерек бірнеше...
Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмыс істейді. Жүйе енгізілгеннен кейін денсаулық сақтау саласын қаржыландыру 2,5 есе өсті.
Asmed емханалар желісінің медициналық директоры, ревматолог Гүлнар Есіркепова МӘМС пен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) арасындағы айырмашылық туралы айтты.
Қандай айырмашылық бар?
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) – 2020 жылдан бері елімізде қолданылып келе жатқан денсаулық сақтауды қаржыландыру моделі. МӘМС қоры жұмыс берушілердің жарнасы, азаматтардың аударымы және мемлекет төлемі есебінен жинақталады. Бұл қаражат сақтандырылған азаматтарға көрсетілетін кеңейтілген медициналық қызметтер тізбесін қаржыландыруға бағытталады.
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК...
Алматыда ҰҚК шекара қызметінің қатардағы жауынгері қайтыс болды. Ресми ақпаратқа сәйкес, әскери қызметші 5 қазанда Алматы облысында медициналық қамтамасыз ету бөлімшесінде қайтыс болған.
«Медициналық қызметкерлердің алдын ала қорытындысына сәйкес, өлімнің себебі – менингококцемия», – делінген ақпаратта.
Осы факті бойынша Алматы қаласы Наурызбай ауданының полиция басқармасында сотқа дейінгі тергеу тіркелді. Қызметтік тексеріс басталды.
Менингококцемия – менингококк бактериясы (Neisseria meningitidis) қанға түсіп, организмге тарайтын жұқпалы ауру.
Елдегі алма бақтарының жалпы аумағы шамамен 29 мың гектарға жетті. 2027 жылға қарай апорт көшеті тағы 110 гектар жерге отырғызылады. Бұл туралы елордада өткен Алма фестивалінде ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүреков айтты.
Оның сөзінше, 2014 жылдан бері шаруаларға бау-бақшаны кеңейту мен жаңа технологияларды енгізуге субсидия беріліп келеді.
«Алманың жалпы өнімі 43%-ға, ал өнімділік 27%-ға артты», – деді вице-министр.
Қазір назар апорт сұрпына аударылған. Жаңа бақтар салынып жатыр. 2027 жылға дейін апорт көшеті 110 гектар жерге отырғызылады.
Айта кетейік, алма өсірілетін аймақтар қатарында Алматы, Түркістан, Жамбыл және Жетісу облыстары көш бастап тұр.
Алматы мен Жетісу...
Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонмен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Әңгімелесу барысында президенттер екі ел арасындағы қарым-қатынастың қарқынды дамып келе жатқанын әрі ынтымақтастықтың барлық бағыты бойынша оң динамика байқалатынын атап өтті. Мемлекеттер басшылары сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ықпалдастықты одан әрі арттыру мәселесін талқылады.
«Қасым-Жомарт Тоқаев Эмомали Рахмонды туған күнімен құттықтап, бауырлас тәжік халқының игілігі жолындағы жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тіледі. Мемлекет басшысы екі ел арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастық байланысты нығайтуға Тәжікстан президентінің қосқан үлесін жоғары бағалайтынын жеткізді», – делінген ақпаратта.
Айта кетейік, Эмомали Рахмон 5 қазанда 73 жасқа келді.
Грузия астанасы Тбилисидегі президент сарайы маңында 4 қазанда жаппай наразылық акциялары өтті. Дәл сол күні ел бойынша муниципалды сайлау өткен. Дауыстарды санаудан кейін елдің орталық сайлау комиссиясы «Грузинская мечта» партиясының ең көп дауыс жинағанын хабарлады.
Артынша көпшілік қаладағы Еркіндік алаңына және оған іргелес жатқан Руставели даңғылына жинала бастаған. Кешке қарай жиналғандардың саны ондаған мың адамға жетті.
Содан кейін жиналғандарды президент сарайын басып алуға шақырған. Бұл полиция мен жиналғандар арасындағы қақтығысқа әкелді.
DW хабарлауынша, президент сарайына жиналғандарды тарату үшін полиция көзден жас ағызатын газ қолданған.
Ал елдің премьер-министрі Ираклий Кобахидзе болып жатқан жағдайды «мемлекеттік төңкеріс жасауға талпыныс» деп атап, барлы...
Елімізде УЕФА стандарты бойынша салынған үшінші стадион ашылды. Бұл туралы Туризм және спорт министрлігі хабарлады.
Қызылордада салынған көпсалалы стадион 11 мың орынға лайықталған. Спорт нысанының жалпы аумағы 20 мың шаршы метрден асады. Кешенде бокс, күрес, спорттық гимнастика, таэквондо, ауыр атлетикаға арналған залдар бар. Ерекше қажеттілігі бар жандар үшін де қолайлы жағдай қарастырылған.
«Биыл жыл басынан бері еліміздің 14 өңірінде 32 спорт нысаны пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін тағы 70 нысанның құрылысы аяқталады. «Қайсар Арена» стадионы – Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен жүзеге асқан ең ірі инфрақұрылымдық жобалардың бірі», – деді министр Ербол Мырзабосынов.
Стадион УЕФА-ның 4-санатына...
Бірнеше өңірде ауа райына байланысты дабылды ескерту жарияланды. Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, 5-6 қазанда кей өңірге тұман түседі, енді бір өңірде өрт шығу қаупі жоғары болады.
Мәселен, 5 қазанда Алматы облысының таулы аудандарында кей уақытта тұман түседі. Түнде облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде 1-3 градус үсік жүреді.
Ақтөбе облысының оңтүстігінде, солтүстігінде өрт қаупі жоғары болады.
Ақтөбе қаласында 4-6 қазанда өрт шығу қаупі бар.
5 қазанда Түркістан облысының солтүстігінде, батысында шаңды дауыл соғады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында желдің күші 15-20, күндіз екпіні 23 м/с болады.
Шымкент қаласында 5 қазанда солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Түркістан қаласында 5 қазанда кей уақытта шаңды дауыл...
Ақтауда балабақшада сәби соққыға жығылды. Жекеменшік балабақшаға баратын қыз бір жарым жаста ғана.
Lada ақпаратына қарағанда, Ассия Сұлтанбайдың анасы Камила Қабиева тергеудің толыққанды жүргізілмей жатқанын айтып шағымданды.
Оның сөзінше, сот-медициналық сараптаманың қорытындысында тек «екі сызат» көрсетілген. Алайда фотосуреттерде қыздың денесінде көптеген жарақат пен көгеру бар екені анық көрінеді. Дәрігерлер жабық бас-ми жарақатын, жүйке жүйесінің ауруын, психикалық бұзылысты және көздің іскенін тіркеген.
«Барлық диагнозды сараптамаға тапсырдым. Бірақ олар ескерілмеді. Қайта тексеру жүргізуді сұрағаныммен, полиция тек сот арқылы мүмкін деп бас тартты. Енді істі жауып тастауға тырысуда», – дейді Камила Қабиева.
Оның айтуынша, тәрбиеші мен күтуш...
Темірлан Анарбековке көлік сыйлады. Көлікте «халықтың атынан» деген жазу бар. Оған Лисан Li L9 кроссовері бұйырып отыр.
«Темірлан бауырым, халықтың атынан бозжорғаны алдыңызға әкеліп қойдық. Біздің компанияның атынан табыстауға рұқсат ет. Халқымызға осындай ұл сыйлаған алтын құрсақты анамыз, қабыл алыңыз», – деді бір компанияның филиал директоры Ержан Сәрсенбаев.
Алматылық «Қайрат» футбол клубының қақпашысы Темірлан Анарбеков күтпеген тосынсыйға қатты қуанғаны байқалды.
«Көріп жатырмын, естіп жатырмын, барлықтарыңызға, қазақ халқына алғысым шексіз. Бүкіл клубтың, команданың көмегімен нәтижеге жеттік деп ойлаймын», – деп ризашылығын білдірді Темірлан Анарбеков.
Айта кететін жай, Темірлан Анарбеков ауыр жарақат...
Freedom Holding Corp. компаниясының бас директоры Тимур Турлов өзінің менеджер ретіндегі ең үлкен жетістігін атады.
Ол – стартаптарды сатып алу барысында олардың командалары мен негізін қалаушыларын жоғалтпай сақтап қалғаны. Бұл туралы ол 3 қазан күні Астанада өткен Digital Bridge форумында баяндады. Сессия «Орталық Азиядағы венчурлік экожүйедегі стратегиялар: стартаптарды не үшін сатып алу керек» деп аталды.
«Біз өте мықты бірнеше стартапты сатып алдық. Олар нарықта көшбасшылыққа немесе екінші орынға шыққан болатын. Сол стартаптардың командалары мен негізін қалаушыларының басым бөлігін жоғалтпай сақтап қала алдық. Олар біздің холдингтің бір бөлігі болып қалды. Холдинг құрамында олар бұрынғыдан да...
Садыр Жапаров өлім жазасын қайта енгізу мәселесін халық шешетінін мәлімдеді. Ол мұны басылымдарға берген сұхбатында айтқан.
24 kg ақпаратына қарағанда, Президенттің баспасөз хатшысы Аскат Алагозов мемлекет басшысы Садыр Жапаровтың сұхбатын жариялады.
Айсулуу Мукашеваның өлімі
Онда ол Қырғызстанда өлім жазасын қайтару бастамасына қатысты пікір білдірді.
Талқылауға түрткі болған жағдай – қыркүйек айының соңында 17 жастағы Айсулуу Мукашеваның аса қатігездікпен өлтірілуі. Қоғам әйелдер мен балаларға қарсы қылмыстар үшін жазаны қатаңдатуды талап етті.
Президенттің айтуынша, ол тергеуді жеке бақылауына алып, әкімшілікке заңдарға өзгеріс енгізуге тапсырма берген. Садыр Жапаров кәмелетке толмағандарға және әйелдерге қатысты кісі өлтіру мен зорлау қылмыстарыны...
Руслан Берденов Алматы қаласының даму орталығын басқарады. Орталықтың директорлар кеңесі жаңа басқарма төрағасын бекітті.
Орда ақпаратына қарағанда, бұл қызметке Руслан Берденов тағайындалды.
Бұл ақпаратты мегаполис әкімдігі растады. Бұған дейін бұл туралы блогер Бейбіт Әлібеков әлеуметтік желіде хабарлаған болатын.
Алматы қаласының даму орталығы – мегаполистің тұрақты өсіміне арналған стратегия мен жобаларды қалыптастыратын негізгі құрылым. Ұйым think tank, жобалық офис және коммуникациялық платформа қызметін атқарып, әкімдікке инфрақұрылым, транспорт, экология және цифрландыру салаларындағы бастамаларды әзірлеуге және іске асыруға көмектеседі.
«Ақыры барлық идеяларды барынша жылдам жеткізіп, іске қоса аламыз деп үміттенемін. Қоғамдық көлік, кептелістер, инвестициялар, туризм», — деп жазды...
Құтыру – бәрінің еститіні, бірақ оның қаншалықты қауіпті екенін көпшілік ойлай бермейтін ауру. Әлемде жыл сайын шамамен 59 мың адам осы дерттен көз жұмады. Олардың жартысына жуығы – 15 жасқа толмаған балалар. Қазақстанда соңғы он жылда адамдар арасында 25 жағдай тіркелген.
Негізгі мәселе мынада: аурудың белгілері пайда болғаннан кейін ол іс жүзінде әрдайым өліммен аяқталады. Бүкіл әлем бойынша осылай. Бірақ жақсы жаңалық та бар. Өйткені жұқтырудың алдын алуға болады. Ол үшін қарапайым қорғану ережелерін білу, тістелген жағдайда дұрыс әрекет ету және дер кезінде дәрігерге қаралу маңызды.
Құтыру дегеніміз не?
Құтыру — адам мен жануарлардың миы мен жүйке жүйесін...
Freedom SuperApp мобильді қосымшасы – соңғы бір жыл ішінде қазақстандық AppStore-дағы ең көп жүктелген алғашқы үш қосымшаның бірі.
Сонымен қатар, әлі де ең жылдам өсіп келе жатыр. Бұл туралы Freedom Holding Corp.-тың CEO-сы әрі мажоритарлық акционері Тимур Турлов мәлімдеді.
«Қазіргі таңда шамамен 1,6–1,7 млн ай сайынғы белсенді қолданушы бар (MAU – қосымшаны немесе онлайн-сервисті ай сайын қолданатын бірегей пайдаланушылар саны). Бұл бәсекелестерімізбен салыстырғанда айтарлықтай аз. Бұған қарамастан, біз – қазір ең көп жүктеліп жатқан қосымшамыз. Әрі ең жылдам өсіп келеміз. (Ал қосымшаны жалпы пайдаланушылар саны – «Курсив») 3 млн-нан асады», – деді ол Digital Bridge барысында.
Баян Алагөзова бұрынғы күйеуі Бақытбек Есентаевтың көзіне шөп саларда қандай ниетте жүргенін ашық айтып берді.
Танымал продюссер сұхбатының үзіндісін өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына жария етті.
«Мен ғашық болып қалдым. Енді қазір өмір сүріп жатқандай өмір сүре алмайтынымды түсіндім. Мұның құны маған қаншалықты қымбатқа түссе де… Мен бұл адамсыз (Тұрсынғали Алагөзовсіз – ред) өмір сүре алмайтынымды білдім. Бар болғаны осы», – деді Баян Алагөзова.
Оның айтуынша, продюссер жаңа ғашығы Тұрсынғали Алагөзовпен бірге Грузияға демалуға барып келген.
«Мен бұл командировканы кету үшін ойлап таптым. Мен ол жақтан бұрынғы Баян болып оралмайтынымды аны...