Ақтөбе облысындағы KAZ09 автожолында жаппай жол-көлік оқиғасы тіркелді. Көктайғақ кесірінен 11 көлік соқтығысқан.
«ҚазАвтоЖол» компаниясының ақпаратына қарағанда, 10 ақпан күні сағат 10:45 шамасында Алға ауданына қарасты Тамды кенті маңында жаппай жол-көлік оқиғасы болды.
Алдын ала мәліметтерге сүйенсек, жүк көлігінің жүргізушісі жолдың жүру бөлігінде үш автокөліктің соқтығысуынан пайда болған кедергіні байқап, қозғалысын ішінара тоқтатуға мәжбүр болған.
«Соның салдарынан бір бағытта келе жатқан өзге көлік құралдары арасында соқтығысу орын алып, барлығы 11 көлік құралы жол апатына ұшырады» делінген ақпаратта.
Оқиғаға байланысты 10 ақпан күні сағат 11:30-дан бастап аталған автожолдың 11-337 шақырым аралығында көліктің барлық түрі үшін...