Үкімет үш жыл қатарынан инфляцияны төмендететін шаралар қабылдауы керек. Ол үшін министрлер кабинеті мен Ұлттық банк бірлесіп жұмыс істеуге тиіс. Үкіметтің кеңейтілген отырысында Тоқаев осындай тапсырма берді.
Қажетсіз «жол карталары» керек емес
«Инфляцияны ойға қонымды, қалыпты деңгейге түсіру қажет. Оның шарықтап кетуіне жол бермеу керек. Инфляцияның не себепті жоғары болып тұрғаны белгілі, кеселдің себебі анықталды. Енді осы мәселені шешу керек. Бірақ ұсынылатын шаралар елдің дамуына кері әсерін тигізбеуі қажет. Дәл осы тұста түрлі пікір айтылып жатыр», – деді президент.
Ол үкімет пен Ұлттық банктің бірлесіп жұмыс істеуін екі рет баса айтып...