Мемлекет басшысы озық технологияларды қолдану пайдалы және тиімді болғанымен, оның сын-қатері де аз еместігін айтты. Сол себепті ЖИ пайдалану үшін тиісті заңнамалық негіз қалыптастыру қажет.
Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, елдегі ұлттық компаниялар, отандық кәсіпорындар инновациялық жобаларды белсенді түрде қолдануы керек. Өйткені озық технология дәуірінде түбегейлі өзгеріске дайын болу өте маңызды. Онсыз даму болмайтынын жеткізді.
«Тағы бір мәселе. Озық технологияларды қолдану, бір жағынан, пайдалы және тиімді болғанымен, екінші жағынан, сын-қатері де аз емес. Сондықтан Жасанды интеллектіні пайдалану үшін тиісті заңнамалық негіз қалыптастыру – аса өзекті міндет. Бұл бағытта біраз жұмыс істелді, әлі де істеліп жатыр«, — дед...