Алматы облысы Қарасай ауданында әлеуметтік желілерде «мені алып қашты» деп жалған мәлімет таратқан қызға айыппұл салынды. Бұл туралы Kursiv.Media облыс соттарының мәліметіне сүйене отырып хабарлайды.
Сот дерегінше, 2026 жылғы 15 қаңтарда шамамен сағат 20:00-де К. есімді қыз TikTok әлеуметтік желісінде адам ұрлау оқиғасы туралы видео жариялаған. Желідегі видео қызды мәжбүрлеп некеге тұрғызып жатыр деген сипатта таралған.
«Сот отырысында К. кінәсін толық мойындап, видеоны көп қаралым жинау мақсатында салғанын, жасаған әрекетіне өкінетінін түсіндірді», – деп хабарлайды өңірдегі соттар.
Іс материалдарын зерделеген сот күдіктінің әрекетінде қылмыстық құқық бұзушылық белгілері жоқ, алайда әкімшілік құқы...