2025 жылдың алғашқы тоқсанында Қазақстанның сыртқы сауда балансы төмендеп, елдің төлем балансы дефицитпен аяқталған. Ұлттық банк дерегінше, ағымдағы шот 0,6 млрд доллар тапшылық көрсетті. Былтыр осы кезеңде көрсеткіш нөлге жуық болған еді.
Негізгі себеп – шикізат экспортының азаюы. Биыл қаңтар–наурыз айларында экспорт көлемі 18,9 млрд доллардан 18,3 млрд долларға дейін, яғни 2,7%-ға қысқарған.
Негізінен шетелге сатылатын мұнай, уран және түсті металл көлемі азайды:
Мұнай экспорты 1,8%-ға, немесе 202 млн долларға азайып, 10,9 млрд долларды құрады. Уран сатылымы да қысқарды. Оған АҚШ, Ресей және Францияға сатылатын уран көлемнің азаюы мен бағаның төмендеуі әсер еткен. Түсті металдар экспорты