Қуырылған немесе қайнатылған жұмыртқаны көп тұтыну атеросклероздық өзгерістердің үдеуіне ықпал етуі мүмкін.
Бұл туралы Мемлекеттік ағарту университетінің медицина факультеті хирургия кафедрасының оқытушысы Александр Умнов айтқан.
Лента басылымына берген сұхбатында дәрігер өнім құрамындағы холестерин мөлшерінің көп болуына байланысты жұмыртқаны күнделікті тұтынудан сақ болуға шақырған.
Оның айтуынша, атеросклероздық өзгерістердің үдеуі артериялардың саңылауын тарылтып, ағзаның қанмен қамтамасыз етілуін нашарлатады. Бұ миокард инфарктін қоса алғанда, жүрек-қан тамырлары ауруларының асқыну қаупін арттырады.
«Жұмыртқадағы майдың көп болуы ағзаларда интерстициалды майдың жиналуына әсер етуі мүмкін. Бұл да – денсаулық үшін қауіп факторы. Ал жұмыртқа таза піспесе, мысалы, сұйық күйінде нанмен бірге тұтынылса...