Оқу-ағарту министрлігі мұғалімдердің құқықтарын бұзғандарға қандай жаза қолданылатынын және қанша айыппұл салынатынын айтты.
Оқу-ағарту министрлігінің заң басқармасының директоры Гүлден Ақытаева атап өткендей, Қазақстан педагогтеріне заңсыз талаптар мен әрекеттерден қорғалуына кепілдік беріледі. Оның айтуынша, келесідей жағдайларға жол берілмейді:
мұғалімдерді кәсіби міндеттеріне қатысы жоқ жұмыстарға тарту; білім беру саласындағы заңнамада көзделмеген есептер мен ақпараттарды талап ету; заң негізінде жүргізілмеген тексерулер жүргізу; тауарлар мен қызметтерді сатып алу міндетін жүктеу.«Сондай-ақ мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының педагогтерін мемлекеттік емес ұйымдар өткізетін іс-шараларға қатысуға тартуға тыйым салынады. Заңнамада ескерту жасаудан бастап ірі айыппұлдарға дейінгі түрлі санкциялар көзделген. Айыппұл мөлшер...