Алматыда жаңа газ құю станциялары салынады. Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды қаланың коммуналдық автобус және троллейбус парктерін аралаған кезде айтқан.
Әкімдіктің мәліметінше, Алматы қаласында қоғамдық көлік инфрақұрылымын дамыту аясында жаңа газ құю станцияларын салу және қолданыстағыларын жаңарту бойынша нақты жоспарлар қолға алынып жатыр. Бұл мақсатта қалада жаңа газ құю станциялары салынады.
Мәселен, Түрксіб ауданындағы №1 автобус паркі аумағында жеке инвестициялар есебінен жаңа автогаз құю станциясы салынады. Станция келесі жылдың соңында іске қосылады.
Сонымен бірге қала әкімінің тапсырмасы бойынша шаһардың батыс және шығыс бөліктерінде, әсіресе, Наурызбай ауданында, болашақ полицентрлер аясында автопарктерге арналған жер телімдері алдын ала қарастырылады...