QazTech альянсының бас сарапшысы Александр Дауранов несиелердің инфляцияның өсуіне әсері аса жоғары емес екенін айтты. Оның бағалауы бойынша, тұтынушылық несиелеудің өсуі инфляцияға тек 0,2-0,4 пайыз тармақ қосады.
«Курсив» өткізген тұтынушылық несие беру тақырыбындағы дөңгелек үстелде елдегі бағаның өсуіне, тауарлардың қымбаттауына тұтынушылық несиелердің әсері туралы сарапшы QazTech зерттеуінің нәтижелерін ұсынды.
Қорытындыға сәйкес, тұтынушылық несиелеу 2021-2025 жылдары тұтынудың орташа 4-5% өсуін қамтамасыз етті. Теориялық тұрғыдан несиелік сұраныстың бағаны көтеруге қосқан максималды үлесі шамамен 2 пайыздық тармаққа жетуі мүмкін. Алайда Даурановтың бағалауы бойынша инфляцияға әсері тек 0,2-0,4 пайыздық тармақты құрайды.
Александр Дауранов жекелеген сегментте несиелер мен бөліп төлеу сұранысқа үлкен әсер ететінін атап...