Болат Өтемұратов – Қазақстандағы ең ықпалды кәсіпкерлер рейтингінде көш бастап тұрған миллиардер. Forbes-тің 2025 жылғы жаһандық рейтингіне сәйкес, Өтемұратов шамамен 3,7 млрд долларлық байлығымен әлемдік олигархтар тізімінде 979-орында тұр. Қазақстандағы ең бай он кәсіпкердің қатарына кіріп, 6-орынға жайғасқан. Оның бизнес активтері қаржы, телекоммуникация, девелопмент және қонақүй салаларын қамтиды. Кәсіпкердің қызметінде білім беру және қайырымдылық жобалары, сондай-ақ теннисті дамыту ерекше орын алады.
Өмірбаяны
Болат Жәмитұлы Өтемұратов 1957 жылдың 13 қарашасында Гурьев қаласында (қазіргі Атырау) дүниеге келген. Әкесі – прокурор, анасы экономист-бухгалтер болған.
Балалық және жастық шағын Қызылорда қаласында өткізген. 1975 жылы Алматы халық шаруашылығы институтының сауда экономикасы факультетіне түсіп...