Ақтөбе әкімдігі өңір туралы «Ақтөбе қаласының тарихы» атты үш тілдегі кәдесый кітап шығаруға екі жылда бюджеттен 100 млн теңгеден аса қаражат бөлген. Аймақ басшысы Асхат Шахаров бұл кітапқа неліктен осынша қаражат жұмсалғанын түсіндіріп берді.
Stan.kz ақпарат агенттігінің мәліметінше, қала әкімі Азамат Бекеттің қарамағындағы қызметкерлер бюджеттен 2023 жылы 1000 данаға 45 млн, келер жылында 2000 данаға 67 млн теңге ақша бөлген. Бір кітапты шығару құны – 45 мың теңге. Цифрлық жинақта Ақтөбенің тарихы мен адамдары туралы мәлімет бар. Қала өмірінің суреттері топтастырылған. Сондай-ақ кітапта Ақтөбе облысының бұрынғы әкімі Ералы Тоғжановтың да суреті жүр.
Kursiv.Media тілшісі Асхат Шахаровтан...